jasqazaq.kz

Қазақ-өзбек шекарасына қатысты келіссөз аяқталуға жақын

07 қазан 2016, 16:17

20160810122600

2003 жылы басталған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны белгілеу процесі аяқталуға жақын.

Екі тарап та қорытынды құжатты аяқтап жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

«Бұл жұмыс ұзақ уақыттан бері келе жатқан мәселе. Екі тарап мемлекеттік шекараны орнатуға енді-енді жақындады. Соңғы қорытынды құжаттар әзірленуде. Екі елдің сарапшылары да жұмыс істеді. Мемлекеттік шекараны орнату жұмысы аяқталған соң, толық ақпаратты хабарлаймыз», — деді Ә.Жайнақов.

Ә.Жайнақов мәлім еткендей, жыл басынан бері шекара орнату жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан комиссиясының бірлескен үш отырысы өткен, сондай-ақ, екі жұмыс тобы да кездесіп, мәселені пысықтаған.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сенсек, жергілікті елді мекендердегі шекара белгісі 1565 негізгі және аралық шекара бағанымен белгіленген. Осы 1565 бағанның 776-сын Қазақстан тарапы қойып шыққан.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде