
Танымал қазақ әншісі Әдеміге итальяндық әнші Вальтер Ричи үйлену туралы ұсыныс жасады. Ойының шынайы екеніне сендіргісі келген итальяндық жігіт Әдеміні тіпті ата-анасымен де таныстырып үлгерген. Енді қазақ қызы наурыз айында Италияға аттанбақ. Бұл туралы MuzZone арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Қазақтың дарынды әншісіне ғашық болып қалған Вальтер Ричи өз сезімін білдіріп, Әдемідей қызды өмірінде жолықтырмағанын айтқан.
«Оның ата-анасымен Skype желісі арқылы таныстым. Енді мені үйлеріне қонаққа шақырып жатыр. Жігіт те маған Skype арқылы өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады. Қазіргі таңда мені Италияда күтуде», — деп ағынан жарылды әнші.
Әдеміге ғашық жігіт танымал итальяндық әнші — Вальтер Ричи. Ол Әдемі екеуі «Новая Волна — 2016» байқауында танысқан. Сайыста олар Виктор Дробыштың «Messages of love» әнін бірге орындаған.
Міне сол кезден бастап, екеуінің арасында сезім пайда болған.
«Әзірге түсініксіз, екі ел арасындағы уақыт алшақтығына байланысты өте сирек сөйлесеміз. Ол Еуропада аса танымал әнші. Қазақстанда оны ел тани бермейді», — деп айтып берді ол.
Әдемінің айтуынша, оған тұрмысқа шығу-шықпау жағы әлі де белгісіз.