jasqazaq.kz

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары чехиялықтарды тәнті етті

17 қараша 2016, 18:19

db71d7f92ab875e305b2108ce02279e2_l

Праганың «Рудольфинум» залында халық әртісі Айман Мұсақожаеваның жетекшілігімен Еуразиялық симфониялық оркестрдің гала-концерті өтті. Салтанатты шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Концертті тамашалауға ағылып келгендер арасында чехиялық дипломаттар, саясаткерлер мен мәдени қайраткерлердің қарасы қалың болды деп хабарлайды 24 kz. Қазақтың қылқобызы мен жетігенінің классикалық аспаптармен дыбыстық үйлесім табуы Чехия халқын қайран қалдырып, талайды таңдай қақтырды. Концерт Еуразиялық симфониялық оркестрдің өнерін тамашалауға келген жұртты тәнті етті. Көңілі толған көрермендер «2,5 сағаттық қойылымның қалай аяқталғанын аңғармай да қалдық», — дейді.

Фарид Шафиев, Әзірбайжанның Чехиядағы елшісі: — Қазақтың төл мәдениеті бізге өте жақын. Батыс пен Шығыс музыкасының синтезі өте ұнады. Барлық көремендер көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Нора Копецки, көрермен: — Қазақстан әртістері өте дарынды. Музыкасы керемет. Бүкіл халықты келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бейбіт өмір тілеймін. Симфониялық оркестрге жетекшілік еткен Айман Мұсақожаева да сахна төрінде өнер көрсетті. Әйгілі әртіс Прагаға алғаш келіп отырған жоқ. Бұған дейін де Қазақстанның халық әртісі жергілікті тұрғындарды өз өнерімен тамсандырған. Көрермендер оның скрипка ойнаудағы өзіндік өрнегін ерекше атап өтті.

Айман Мұсақожаева, ҚР халық әртісі: — Біз Мәскеу консерваториясында концерт қойып, Young Euro Classic фестиваліне де қатыстық. Әрине, ел Тәуелсіздігінің қарсаңында әлемнің ең танымал сахналарында өнер көрсету біз үшін үлкен мақтаныш. Концертте қазақстандық сазгерлер Ақтоты Райымқұлова, Әлқуат Қазақбаев, Рахатби Әбдісағиннің үздік шығармалары орындалды. Сондай-ақ, көрермендер Франц Шуберт пен Арам Хачатурян сынды классиктердің ғажап туындыларын тыңдады. Еуразиялық симфониялық оркестрмен бірге чех баритоны Филип Банджак та сахнаға шықты.

Филип Банджак, опера әншісі (Чехия): — Қазақстандық әртістерді тек мақтай аламын. Бағдарлама өте күрделі болды. Мұндай концертке қатысқаныма дән ризамын. Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.   Енді оркестр Еуропаның мәдени астанасы Вена қаласына аттанбақ. Одан кейін Лондонның талғамы биік қауымы да әйгілі әртістеріміздің өнерін тамашалайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде