jasqazaq.kz

Қазақ тілінде «сойқан» сайттар көбейіп кетті

31 қантар 2017, 15:21

Террористік ұйымдар қазақ тілінде экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдар тарата бастаған. Ал мұндай мазмұндағы материалдардың саны ғаламторда геометриялық прогрессиямен өсуде. Өткен жылы елімізде 182 азамат терроризм бабы бойынша жауапқа тартылған. Бұл туралы «Құқық қорғау органдарының экстремизм, радикализм мен терроримзге қарсы әлеуетін күшейту» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық дөңгелек үстелде ҚР ҰҚК антиттеррорлық орталық штабы басшысының орынбасары Сергей Швейкин мәлімдеді.

«2016 жылы 12 эктремистік акцияның жолы кесілді. 182 азамат террористік бап бойынша заң алдында жауап берді. Терроризмді қаржыландырғаны үшін халықаралық террористік ұйымдардың 3 көмекшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 5 экстремистік топ мүшесі шетелдік әріптестерімізге жіберілді. ҰҚК ақпараттық қолдауының арқасында шетелдік арнайы органдар арқылы халықаралық террористік ұйымдардың 14 мүшесі ұсталған», — деді ол.

Сонымен қатар Сергей Швейкин көптеген азамат интернет желісі арқылы террористік ұйымдардың құрамына өтіп кетіп жатқандығын атап өтті.

«Азаматтарды террористік ұйымдарға тартудың басты құралы интернет екені белгілі. Мұндағы экстремистік мазмұндағы материалдардың саны геометриялық прогрессиямен өсуде. Өткен жылы 700 мың экстремизмді насихаттайтын материал анықталып, көзі жойылған. Бұл көрсеткіш өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге, ал 2014 жылмен салыстырғанда 33 есеге өскен», — деді ол.

Тіпті кейбір террористік ұйымдар қазақ тілінде экстремистік мазмұндағы материалдар тарата бастаған.

«Қазақ тілінде экстремизм мен терроризм идеясын насихаттайтын жеке материалдардың саны да күрт артқан. Бұл экстремистік топтардың арнайы аудиторияда жұмыс істей бастағандығын көрсетеді. Өткен жылы мұндай деректер бірнеше есеге аз болатын. Олар What’s app, Viber, Twitter және т.б. әлеуметтік желілері арқылы жұмысын жандандыруда», -деді штаб басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ол елімізде террористік ұйымдармен күресу үшін арнайы бағдарлама қабылдағандығын атап өтті.

«Еліміз экстремизм мен терроризмге қарсы 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдаған болатын. Қазіргі таңда осыған ұқсас 2017 — 2020 жылдарға арналған құжат дайындалып жатыр. Онда радикалды идеологиялық жұмыстардың ықпалын төмендетуге басымдық беріледі», — деп түйіндеді сөзін Сергей Швейкин.

Айта кетейік, халықаралық дөңгелек үстелге Аустрия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан өкілдерінің сарапшылары қатысуда.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде