
Ресейдің Уфа қаласында науқастарды қамшының астына алған қазақстандық емшілер тергеуге алынды. Олар аңқау жұртты қамшы соққысымен дертінен айықтыруға сендіріпті. Прокуратураның мәліметінше, емдеу орталығындағы мамандардың арнайы медициналық білімі мен лицензиясы болмаған. Тіпті емшілер науқастардан ауруханаға қаралмауды өтініп, өздеріне бірнеше рет келуді сұраған. Тексеру барысында емшілердің ғимаратты заңсыз жалға алғаны анықталды. Себебі жалға беруге келісімін берген орталық жетекшісі көші-қон полициясына ескертпеген. Сондықтан орталық жетекшісіне айыппұл салынды. Аядай бөлмені жалға алып, кәсібін дөңгелеткен емшілердің дәстүрлі емес «Ата жолы», «Әруақ жолы» аталатын ұйымның мүшесі екені анықталды. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы informburo.kz порталы жазды.