Қазақстандықтар бірнеше күннен бері Бақытбек Есентаевты түрмеден босату немесе оның жазасын жеңілдету туралы онлайн петицияға қол қойып жатыр.

Арай Кәрібаева есімді желі қолданушысы барша қазақстандықты Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдету туралы петицияға қол қоюға шақырды. «Достар! Бақытбек Есентаевқа бірауыздан қолдау білдірейікші! Сотқа арналған петицияға 10 000 қол жинауға көмектесейік! Бұл жағдайға салқынқандылық танытпайтындар үшін петицияның сілтемесін де жіберейін», – деп жазады ол өзінің инстаграм парақшасында.

Аталған петицияға 597 қол қойылған екен. Желідегілерді бірі Есентаевтың жазасын алуға тиісті екенін айтса, екіншілері оны керісінше жақтап жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.