jasqazaq.kz

Қазақстандық композитор Еркеш Шәкеев ұлын босатуды сұрап отыр

23 шiлде 2016, 3:17

20160722194233

Қазақстандық композитор Еркеш Шәкеев Алматыда алтыншы күн іздеп жүрген баласының жоғалуына байланысты мәлімдеме жасады.

«Өмірімді өнер мен адамдарға қызмет етуге арнадым. Өкінішке қарай, қиын жағдайға тап болдық. Әке ретінде ұлым Сафарды ұстап отырғандардар немесе оның қайда екенін білетіндерден босатуын сұраймын. Бұл тұлғаларды жауапкершілікке тартпауы үшін қолымнан келгенін жасауға уәде етемін. Түсіністік танытасыздар деп үміттенемін», — деді Еркеш Шәкеев.

Қазір жоғалған жігіттің туыстары мен жақындары Сафарды соңғы рет көрген жердегі бейне бақылау камералары мен видеорегистраторларға үміт артып отыр. Бұл Ремизовка бағытына қарай әл-Фарабиден жоғары Сейфуллин көшесінің маңы.

Жуырда алматылықты іздеп жүрген штаб енді оны шаңғы трамплині аумағынан іздейтіні белгілі болды.

Сонымен қатар жігітті іздеуге ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағының мүшелері қосылды. Олар Весновка өзені — учаскесін Шевченко көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақты шолып шықты. Сонымен қатар, Сафарды қаланың құтқару қызметі іздеуде, 100-ден астам полицей мен ерікті тартылды.

Еске сала кетейік, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ІІБ-на 16 шілдеде шамамен сағат 22:00 түсті. Оны 110 полицей мен 60 ерікті іздеді.

Атап өтейік, белгілі қазақстандық композитор ұлының қай жерде екенін айтқан адамға 10 млн теңге беретінін айтқан.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде