jasqazaq.kz

Қазақстанда АИ-80 бензині қымбаттауы мүмкін

29 мамыр 2017, 17:08

Қазақстанда АИ-80 бензині қымбаттауы мүмкін. Kolesa.kz сайтының мәліметінше, Энергетика министрлігі отынның осы түрін мемлекет тарапынан реттеуді алып тастайтын бұйрық дайындап жатыр.

Министрдің мемлекеттік реттеу бекітілетін мұнай өнімдерінің тізімін алып тастау, сондай-ақ шектік бөлшек сауда бағасын тоқтату туралы талқылау egov.kz сайтында жарияланған. «Маусым айының ортасында құжат Ұлттық экономика министрлігімен келісіліп, Әділет министрлігінде тіркеледі және ол жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді деп болжанып отыр. Осылайша, 2017 жылдың шілде айының басында Қазақстанда мемлекет реттейтін бірде-бір жанар-жағармай материалдарының бірде-бір түрі қалмайды», — деп жазады басылым. Қазіргі уақытта АИ-80 маркалы мұнайды мемлекет реттейді. АИ-92 маркалы мұнайдың бағасын министрлік 2015 жылдың қыркүйегінен бастап реттемейді. 2016 жылдың тамызында солярка еркін бағада сатыла бастаған еді. Бүгінде АИ-80 маркалы бензиніне жиі дефицит пайда болады, ал 2018 жылы жанармай құю бекеттерінен тіпті де жоғалып кетуі мүмкін.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде