jasqazaq.kz

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ына жаңа басшы тағайындалды

01 қазан 2016, 16:02

20161001141920

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы — Кемелбек Ойшыбаевты таныстырды.

Министрдің хабарлауынша, корпорацияның бұрынғы басшысы Нұржан Мұхамеджанова төрағаның бірінші орынбасары лауазымын атқарады және компания және оның филиалдарының стратегиялық мәселелеріне қатысты жұмысын реттейтін болады. Дәурен Абаев корпорацияның жемісті жұмысын ерекше атап өтті және ұжымға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Кемелбек Ойшыбаев корпорация ұжымы қойылған жаңа міндеттер мен талаптарды ақтауға тырысатындығын атап өтті.

«Сіздің барлық тапсырмаларыңыз міндетті түрде орындалатын болады», — деді ол.

Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 1977 жылы 13 шілдеде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Журналистика мамандығы бойынша, Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін заңгер мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын корпоративті менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен қатар Geneva Business School — MBA мектебін бітірген. Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарды. Сонымен бірге «Қазмедиа орталығы» бас директорының орынбасары, «Zaman Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік сатылымдар дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде