
Бүгін Рио Олимпидасында екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Брасс әдісімен 200 метр қашықтықта суға жүзу жарасында қазақстандық спортшы белгіленген қашықтықты 2:07:46 уақытта жүріп өтіп, бірінші орынға ие болды.
Екінші орынды америкалық Джош Прено (2:07.53) алды. Ал үшінші орын ресейлік Антон Чупковтың еншісінде.
Жүзуден соңғы ақтық сайыс Астана уақытымен 7:00-те басталды.
Осыған дейін ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нижат Рахимов қоссайыстық қорытындысы бойынша 379 келіні бағындырып, алтыннан алға тағынды. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын болды.