jasqazaq.kz

Қазақстан азаматы ДАИШ-пен сыбайлас болғанын мойындады

20 қантар 2017, 11:01

Қазақстанның 21 жастағы азаматы Ахрор Сайдахметов ДАИШ террористік ұйымына қолдау көрсету мақсатында келісім жасағанын мойындады.

tengrinews.kz хабарлағандай, АҚШ прокуроры Роберт Кейперс айыпталушының Сирияға аттанып, ДАИШ-тың тарапында соғысқысы келгенін немесе АҚШ территориясында теракт жасауды жоспарлағанын мойындағанын мәлімдеді. Енді ол тергеумен келісімге барса да, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Ахрор Сайдахметов 2015 жылдың ақпанында Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы әуежайда ұсталған болатын. Ол Түркияға ұшып кеткісі келген. Полицияның мәліметінше, ол Ыстамбұлдан Сирияға аттанып, ДАИШ-қа қосылмақ болған. Қазақстандықпен бірге Өзбекстан азаматы Абдурасул Журабоев та ұсталған еді. Ал тағы бір ұсталған азамат Аброр Хабибов ДАИШ-қа қаражат жинауға жергілікті желі ұйымдастырды деп айыпталды.

Журабоев құқық қорғау органдарының назарына 2014 жылдың тамызында түскен. Ол лаңкестерді жақтап, өзбек тілінде жазба қалдырған. Тергеушілер ол АҚШ-та ДАИШ-тың бұйрығымен теракт жасауға дайын болды деп есептейді. Ал Сейдахметов «ислам тобына» қосылуға рұқсат бермесе, теракт жасауға дайын болған деген айып тағылды. Журабоев АҚШ президентін өлтіруге ұсынған, ал Сейдахметов қару сатып алып, полицейлер мен ФТҚ агенттерін атуды жоспарлаған делінеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде