jasqazaq.kz

Қазақстан азаматшасы ресейлік полицейді ұрды деп айыпталуда

14 сәуiр 2017, 17:38

Қазақстан азаматшасы РФ Түмен облысының Ішкі істер министрлігі бөлімінің тергеушісіне жұдырық ала жүгірген.

Басылым мәліметі бойынша, Ресейдің Түмен облысында полиция қызметкеріне күш қолдану дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалған. «Қазақстан Республикасының 55 жастағы азаматшасы әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазан ауданы бойынша Ресейдің ІІМ бөлімшесіне жеткізілген. Бұл оқиға 2017 жылдың 10 сәуірінде болды», — деп хабарлайды БАҚ РФ-ның Түмен облысы бойынша тергеу комитетіне сілтеме жасап. Тыйым салынған заттары бар-жоғын тексеру кезінде күдікті полиция қызметкеріне күш қолданған. Қазақстан азаматшасы бірнеше рет билік өкілінің бетінен ұрған. tengrinews.kz хабарлағандай, РФ ҚК-нің 318-бабының 1-тармағы бойынша әйелге 200 мың рубль немесе айлық еңбекақысы көлемінде айыппұл салынды немесе бес жылға дейін мәжбүрлі еңбек жазасына кесіледі немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде