
Қазақ жеріне Қытай азаматтарын заңсыз әкелген кәсіпкердің қолына кісен салынды. Ол ҚХР-дан 124 адамды қазақ жеріне заңсыз алып өткен. Бұл туралы Алматы қаласы әуе көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпкер 2015 жылдың мамыр айы мен 2016 жылдың сәуір айы аралығында ҚХР азаматымен бірлесіп аспан асты елінің азаматтарын қазақ жеріне тасымалдаумен айналысқан. Қытайлықтарды тобымен алып кіру мақсатында ол ЖШС ашқан. Осылайша қытайлық компаниялармен жалған келісім шартқа отырып, сол құжаттардың негізінде өзге елдің азаматтарын Қазақстан шекарасына кіргізген.
Қазақстан азаматының заңсыз әрекеті сот процесі барысында толық дәлелденді. Сот төрағасы оған екі жыл мерзімге жалпы режимді колонияда жазасын өту туралы үкім шығарды.