jasqazaq.kz

Қазақ мектебі жоқ аудан

07 наурыз 2017, 19:18

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында бірде бір қазақ мектебі жоқ. Ауданда 17 мыңнан астам адам тұрады. Олардың 32 пайызы өзге ұлт өкілі. Қарғалыдағы 17 мектептің үшеуі орыс тілінде, өзгесі аралас тілде білім береді.

inform.kz сайтының хабарлауынша Ақтөбенің Ресеймен шекарас аудандарында қазақ тілінің жағдайы мәз емес. Тұрғындарының 32 пайызы өзге ұлт өкілі саналатын Қарғалы ауданында әлі күнге дейін бірде бір қазақ мектебі жоқ.

«Аудандағы үш мектеп орыс тілінде, өзгесі аралас. Қарғалының орталығы Бадамша ауылында бір мектеп орыс тілінде, біреуі аралас болып тұр. Аралас мектеп төрт жылдан кейін түгелдей қазақ тіліне ауыстырылады. Оған дейін бұрын мектепке қабылданған балалардың бәрі бітіріп шығады. Бала саны аз болған соң аудан орталығындағы аралас тілде сабақ беретін бір мектептің өзін толтыра алмай отырмыз»,- деді аудан әкімі Рахат Сыдықов.

Оның айтуынша, алдағы 2-3 жылда аудан мектептерінің 60 пайызы қазақ тілінде білім береді деген жоспар бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде