jasqazaq.kz

ҚазҰУ-да Олимпиадаға қатысушылардың құрметіне флешмоб өтті

18 тамыз 2016, 14:50

ҚазҰУ студенттерінің Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктері университеттің белсенді жастарын ерекше науқанға шабыттандырды. Студенттер университеттің ашық алаңында «Дима, Елдос – Рио чемпионы» сөздері бейнеленген флешмоб ұйымдастырып, Олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин мен Елдос Сметовті жеңістерімен құттықтады.

ҚазҰУ жастары өздерінің чемпион замандастарын мақтан тұтады, себебі Дмитрий Қазақстанның спорт тарихындағы жүзуден алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алса, Елдос дзюдодан күміс жүлдені қанжығасына байлады.

«Асқан дарындылық пен қажырлы еңбектің арқасында біздің студенттер үлкен жеңіске ие болды. Рио-де-Жанейрода олардың құрметіне Қазақстанның әнұраны орындалды!», –  деді ҚазҰУ жастар ұйымы комитетінің төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Жақын арада Дмитрий мен Елдосты өздері оқитын университет қабырғасында салтанатты түрде құттықтайды.

Бұған дейін Алматы қаласының әуежайында ҚазҰУ-лық жанкүйерлер ыстық ықыласпен «Баландин – біздің қаһарман!», «Елдос – жарайсың!» деп жарқын дауыспен ұрандатып Елдос Сметов пен Дмитрий Баландинді күтіп алған болатын.

13895563_1062850583762110_7783465754976072791_n

1439261750_photo_164434-610x350 14022239_1062850293762139_2648613793074741307_n

13906845_1062850843762084_2992467375288274594_n 14039996_1062850213762147_2034287162860871450_n

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде