jasqazaq.kz

Аюды азаптап өлтіріп, жұрттың ашу-ызасын туғызды (видео)

27 желтоқсан 2016, 20:15

Ғаламторда аюды жауыздықпен өлтіргендер туралы видео жарияланды (18+). Якутияда түсірілген видеода адамдардың хайуанды әдейі бірнеше рет жүк көлігімен таптап өткені көрінеді, — деп хабарлайды «Вести.ru».

tengrinews.kz хабарлағандай, Видеоны түсірушінің артында адамның: «Бас, мыжып өті оны», — деп айқайлаған дауыс естіледі. Аю тұруға тырысқанмен екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалады.

«Якутия» МТРК тілшісінің хабарлауынша, жабайы аңды жауыздықпен өлтіру оқиғасы республикадаға ең көп талқыланған тақырыпқа айналған. Әлеуметтік желі қолданушылары мұны жасағандарды тауып, жазалауды талап етіп отыр.

Саха (Якутия) Республикасының табиғатты қорғау министрлігінің аңшылық ресурсарды реттеу, пайдалану және сақтау басқармасының өкілдері, әлі анықталмаған тұлғалардың әрекетінен РФ ҚК 245-бабы «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша қылмыс байқалатынын атап өтті. Материалдар процесуалдық тексеріс үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Аюды өлтіргендер қатыгездігі үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе үш жүз мың рубль түрінде айыппұл төлеуі мүмкін.

https://www.youtube.com/watch?v=saU7CxnsBTI

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде