jasqazaq.kz

«Аянат» шаруа қожалығы жылына 600 тонна қызанақ өсіреді

15 маусым 2023, 11:29

Бүгін Шымкент қаласы аумағындағы Сайрам тұрғын алабында жылыны 600 тонна қызынақ жетілдіретін «Аянат» шаруа қожалығы бар. Аталған қожалыққа тиесілі жылыжайдың аумағы 2022 жылы кеңейіп, модернизациядан өткен. Жалпы аумағы 4 гектарды тқұраған жылыжайда бүгінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Диқандар ерте көктем мен қыс мезгілінде көкөніс өніміне деген қажеттіліктің орнын толтыру мақсатында талмай еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта қожалық иесі нысан аумағын ұлғайтып, сол арқылы өнім көлемін арттырып, қызанақтарды көрші елдерге экспорттамақ.

Бүгінде қаламыздағы жылыжайлардың басым бөлігі қияр мен қызанақты өсіреді. Қияр 45 күнде өнім берсе, қызанақтың пісіп-жетілуі үшін 90 күн қажет. Қызанақты өсіруге көп уақыт пен қаражат қажет. Көбіне ірі жылыжайдағы шаруалар жартысына қияр, қалған бөлігіне қызанақ өсіруді жөн көреді екен.

Шымкент қаласының аумағында 204 гектар жылыжай кешені бар. Соңғы 3 жылда 36 гектарға жылыжай салынып, 400-ге жуық адам жұмыспен қамтылған екен. Маусым кезінде жұмысшылар саны 600-ге жетеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлердің арасында жылыжай шаруашылығына қызығушылық танытқандар көбейді. Ауылшаруашылық министрлігімен бекітілген инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы салынып жатқан жылыжай шығынының 25 пайызын мемлекет өтейді. Одан бөлек, «КазАгро» корпорациясының төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге жақсы демеу болып отыр.

Шымкент қаласында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мегаполисте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер аз болғандықтан шаруалар кәсіптің осы түрін қысқа мерзімде игеріп жатыр. 2022 жылдың өзінде қала аумағында 8 гектар жылыжай кешені салыныпты. Өткен жылы бой көтерген кешен қаңтар айынан бастап жерге көшет қондырып, ерте көктемнен өнімдерін шығара бастады.

Ауылшаруашылық өнімдерінің артуы — экономикаға да оң серпін береді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге жерді жедел әрі ашық бөлудің тиімді әдістерін тұжырымдау жөнінде Үкімет алдына міндеттер қойған еді. Президент тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында Шымкент қаласында жұмыс тобы құрылған. Бүгінде жұмыс тобы осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау үшін арнайы талдау жүргізіп, агроөнеркәсіптік кешенді ұзақ мерзімді субсидиялауға қатысты ұсынысын енгізген.

Мерей Әлімбек

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции