
Қарағанды қаласында автобустан түскен келіншек бетін оңбай жарақаттап алды. Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі келіншектің түсуін күтпестен орнынан қозғалып кеткен. Бұл туралы qasym.kz хабарлады.
Куәгерлер оқиға барысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып. Онда бет-жүзін қан жауып кеткен келіншек өзінің автобусқа мінгенін, алайда бағыты өзіне керек жақ болмағанын естіген соң қайта түсіп кеткенін айтады. Алайда әйел адамның түсіп бара жатқанына мән бермеген көлік жүргізушісі орнынына қозғалып кеткен.
https://www.youtube.com/watch?v=RF2ntXFdZoo&feature=youtu.be