jasqazaq.kz

Автобус жүргізушісіне үкім оқылды

24 шiлде 2023, 16:13

Алматыда адам өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі деп танылған № 98 автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, 2022 жылы 8 қараша күні сағат 14:00 шамасында сотталушы А., Абылай хан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта No98 автобусты басқарып, Абылай хан және Төле би көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережесін елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, Төле би көшесімен келе жатқан №201 автобуспен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан No98 автобустың жолаушылары далаға ұшып кетті, жәбірленуші И. автобус астында қалып, алған жарақатынан қайтыс болды. Екі адам К. және Ш. әртүрлі дене жарақатын алды.

Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, өзін ақтауды сұрады. Сот айыпталушының 3 кішкентай баласы барын және кәнісін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар А. 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, Ш. және К.-ның пайдасына моральдық шығын ретінде 2 млн теңге, Ш.-ның пайдасына 323 885 теңге материалдық шығын өндірілді.

Сот үкім заңды күшіне енген жоқ. Былтыр 8 қараша күні Алматыда Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысып, жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шеккен болатын.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі