jasqazaq.kz

Автобус шахтаға құлап екі адам мерт болды (Видео)

04 қантар 2024, 13:05


Павлодарда жолаушылар бар автобус шахта шұңқырына құлап, екі адам мерт болды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 01-25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайыңзолото» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Алдын ала болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы – 150-200 м, ені – 500 м, тереңдігі –150 м.
Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы бар. Психологтар жұмыс істеуде. Штабтың мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары қаза тапқан екі жолдасымыздың денесін құмнан тапты. Олардың денесін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. Автобус табылмады, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 

https://youtu.be/PJn81yKhxlE

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі