jasqazaq.kz

Автобус пен Gelandewagen соғысқан жол апатынан зардап шеккендердің саны 23-ке жетті

11 мамыр 2017, 18:18

Дәрігерлер Алматыда № 63 бағытында жүретін автобус пен Mercedes-Benz G-класс жол талғамайтын көлігінің соғысқан жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Иманғалиева жол апатынан зардап шеккендердің саны 23-ке жеткенін мәлімдеді. Оның сегізі ауруханаға жатқызылған, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің бірі — жүкті әйел. Сонымен қатар, зардап шеккендер қатарында екі жасар бала да бар. Ол да ауруханаға жатқызылды. Оның жадайы ауыр, бірақ оған ота жасау қажеттілігі жоқ. Еске салайық, бүгін жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болды. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған. Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.

Тengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде