Австралияда Какаду саябағында қыдырып жүрген әйел өзіне жақындап қалған қолтырауынды аяқ киімімен қорқытып қуып жіберген. Ол аяғындағы жеңіл аяқ киімін шешіп алып үркітіп, бар даусымен айқайға басқан.
https://www.youtube.com/watch?v=yNPxKfX4ACE
Саябақ басшысы Гэри Линднер туристер тарапынан болатын көптеген тәртіпсіздіктер жайында айтты.
«Біз үнемі келушілерді сақтандырып отырамыз. Алайда, саябаққа мас күйінде келетін туристер саны азаяр емес», – дейді Гэри Линднер.
«Бұл әйелдің қалайша мұндай тәуекелге барғаны таңдандырады. Ол өзінің әрекеті өте қауіпті болғанын түсінбесе керек», – дейді натуралист Линдон Анлезарк.
Оқиға болған аумақтан 6 шақырым жерде 130 қолтырауын жүргені мәлім болды.
stan.kz