
“Меломен” тобынан кеткен Жігер Ауыпбаев жеке шығармашылығын шыңдауға білек сыбана кірісіп кетті. Ол денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, жаңа әндер жаздырып, түрлі отандық жобаларға қатысып жүр.
Жуырда Жігер отандық арналардың біріндегі ән жобаларының біріне қатысып, ресейлік әнші Авраам Руссоның “Далеко-далеко” әнін орындаған еді.
Әнді орындау барысынан видео жүктеген Жігер: “Авраам аға сізбен дуэт айтсам бола ма?” – деп жазған еді.
Бір қызығы, Жігердің бұл жазбасына Авраам Руссо жауап берген.
“Бірге ән айту үшін сізден ұсыныс түсуі керек және ол үшін ең алдымен көмекшім Сергейге хабарласыңыз”, – деп жазған Авраам Руссо.
Сүйікті әншісінен мұндай ұсыныс түсетінін Жігердің өзі күтпесе керек-ті.
“Күтпеген жерден сүйікті әншімнен дәл осындай пікір күтемін деп ойламадым. Өте қуаныштымын. Мен үшін сізбен бір саxнада ән айту арманымның бөлшегі. Өнеріңізді құрметтеймін”, – дейді Жігер.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.