jasqazaq.kz

Ауызсумен қамтуға 280 миллиард теңге бөлінді

27 сәуiр 2023, 14:02

Биыл халықты сумен жабдықтау жұмысына ел бюджетінен 280 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты.

«Қазақстан қалалары бойынша халықтың 98,4 пайызы сумен қамтамасыз етілген, оның ішінде СҚО, Маңғыстау, Атырау,Қызылорда, Жетісу, БҚО, Ұлытау, Ақтөбе, Алматы облыстарында қала халықтары толыққанды сумен қамтылған. Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Жамбыл облысында (91,9%), Абай облысында (92,8) және Ақмола облысында (95,3) байқалады», — деді Ә. Пазылбекұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Комитет төрағасы ауыл халқының 94,5 пайызы ауызсумен қамтамасыз етілгенін де жеткізді. «Президент атап өткендей, «Еліміздің әртүрлі өңірлерінің тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қолжетімділіктің әртүрлі деңгейде қамтылған. Бұл теңсіздікті жою бойынша жұмысты жандандыру қажет». Биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінді, оның ішінде қалаларда 135 жобаны іске асыруға 167 млрд теңге және ауылдарда 267 жобаны іске асыруға – 113 млрд теңге бөлінді», — деді Ә.Пазылбекұлы. Баспасөз мәслихатында спикер 2025 жылы қазақстандықтар толыққанды ауызсумен қамтылады деп сендірді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі