jasqazaq.kz

Ауызашарда дастархан жасау «жарысы» сауапқа емес, күнәға жетелейді

12 наурыз 2025, 13:51

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенетінін тағы да еске салды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

ҚМДБ жариялаған мәлімдемеде: «Қасиетті Рамазан – мұсылман баласын рухани тәрбиелеп, қарапайымдылық пен кішіпейілдікке баулып, дәулетті мен мұқтаждың арасын жақындастыра түсетін ай. Бұл айда жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Сол сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру», — делінген.

Бірақ ораза кезінде кейбір мейрамхана, кафе мен дәмхана иелері ауызашар мәзірінің бағасын қымбаттатып, түсінбеушіліктің туындауына себепші болуда.
Сондықтан мүфтият ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесу сауапқа емес, күнәға жетелейтінін еске салады: «Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: «… ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген («Ағраф» сүресі, 31-аят).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафелер мен тамақтану орындарының иелеріне халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды.

JQ-Aqparat

Фото: redtable.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі