jasqazaq.kz

Ауылдағы пошташының айлығын көтеру үшін, көбірек сәлемдеме жіберу керек!

04 желтоқсан 2024, 12:56

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Жигули Дайрабаев ауылдағы пошташылардың айлығы туралы мәселе қозғады.

Оның айтуынша, әсіресе, шалғай ауылдардағы пошташылардың айлығы өте төмен.
«Қазпошта» басшысы Әсел Жанасова ауылдағы пошта қызметкерлерінің айлығын өсіру үшін тұрғындар пошта арқылы сәлемдемелерді барынша көп жолдап, қабылдауы керек екенін түсіндірді.

«Иә, шыны керек, біздің ауылдағы операторларымыз, пошташыларымыз аз алады. Неге десеңіз, бұл ауылға сәлемдемелер мен хаттың аз келуіне байланысты. Соған байланысты 0,2 немесе 0,5 ставкамен жұмыс істейді. 0,7 ставкамен де жұмыс істейтіндер бар. Ол енді ауыл тұрғындарына байланысты», — деді ол.
«Қазпошта» басшысы кейінгі екі жылда пошташылардың айлығы 35 пайыз өскенін айтып өтті:
«2023 жылы пошта қызметкерлерінің айлығын 25 пайызға көтердік. Биыл тағы 15 пайызға көтердік. Жыл сайын барлық «Қазпошта» қызметкерлеріне 3 рет сыйақы береміз. Оның өзі біз үшін үлкен қаражатты қажет етеді. Ауылдарға жолданатын сәлемдемелердің көбеюіне байланысты айлықты да көтере аламыз», — Әсел Жанасова.

JQ-Aqparat

Фото: baribar.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі