
Жамбыл облысында полицейлер трамадол препаратының ірі партиясын тәркіледі. Арнайы жүргізген іс-шара барысында Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының 53 жастағы тұрғын құрықталды. Күдіктінің үйіне тінту жүргізгенде 3430 дана «Трамадол», 90 дана «Самнол», 138 дана «Тропикамид» табылып, барлығы 3430 таблетка, 514 гр 5 млгр синтетикалық заттар тәркіленді. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, күдікті кінәсін мойындаған. Жер ортасы жасына келген адамға жасаған қылмысы үшін 3-7 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
JQ-Aqparat