jasqazaq.kz

Ауыл шаруашылығын қайтсек дамытамыз?

16 қазан 2020, 10:57

Еліміздің жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) ауыл шаруашылығының үлесі мардымды емес. Демек ол саладан бюджетке түсетін қаржы да аз. Сондықтан ЖІӨ-гі ауыл шаруашылығының үлесін 50 пайызға дейін арттыру қажет. Ол үшін ең алдымен ауылдағы инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Өйткені материалдық-техникалық инфрақұрылымды ауылда дамытпасақ, ол жаққа ешкім бармайды.

Батыстың экономист ғалымдарының бірі осыдан екі жүз жыл бұрын «Ауыл шаруашылығымен айналысатын мемлекеттің болашағы жоқ» деген еді. Бүгінде бұл сөзбен келісу қиын. Өйткені заман да өзгерді, талап та өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған соңғы Жолдауында «ұзаққа созылған мұнай дәуірі аяқталған сияқты» деді. Сондықтан әлемдегі болып жатқан өзгерістердің түпкі тиегі ауыл шаруашылығымен байланысты. Қазір ауыл шаруашылығымен айналысатын мемлекеттер алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, Оңтүстік Корея қазір индустриалды дамыған мемлекеттің қатарында. Технология жағынан да ең дамыған мемлекет. Олардың құпиясы неде? Бұл мемлекет ең алдымен ауыл шаруашылығын өркендетуден бастады. Күш-жігерін ауыл шаруашылығына жұмсады. Өйткені ең басты міндет – халықты тамақтандыру еді. Егер де біз ішкі нарықты органикалық, биологиялық таза өніммен толтырсақ, тамағы тоқ халық әрі қарай өзін білімге, ғылымға, мәдениетке ұмтылдырады. Сол үшін ауыл шаруашылығының рөлі экономикада да, әлеуметтік жағдайда да, мемлекеттің дамуында да аса маңызды.

Соңғы уақытта біздің мемлекеттің де ауыл шаруашылығын дамытуға бағыт алғаны қуантады. Бір жағынан өкініш те бар. Кеңес одағынан қалған колхоз, совхоздардың болған мал-мүлкін, бүкіл ресурстарды кезінде сақтап қалуымыз керек еді. Бірақ ол кезде бізде тәжірибе болмады. Білмедік. Басқа мемлекеттермен байланыс үзілгеннен кейін, өндіріс тоқырады. Жұмыссыздық пайда болды. Ауылда тіршілік тоқтады. Барлығы күнкөріс үшін қаланы жағалады. Ауыл солай құлдырап қалды.
Президентіміз ауыл шаруашылығына көңіл бөлуіміз керек екенін баса айтты. Шикізатқа тәуелділіктен арылатын кез жетті. Біз ендігі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерімен әлемдік бәсекеге қабілетті бола аламыз. Біздің ата-бабамыз бұл кәсіппен айналысқан. Бұл біздің қанымызға сіңген қасиет әрі шеберлік дер едім. Біз осы шеберлікті кәдеге жаратуымыз керек. Ауыл шаруашылығын өрге бастыруға барлық мүмкіндік бар. Климатымыз да қолайлы. Елордамыз салынғалы бері бізде құрылыс саласы дамып, қарқын алды. Ипотека берілген сайын оған үлес қосатын үлескерлердің де саны артты. Сол сияқты ауыл шаруашылығына да мемлекет тарапынан қолдау керек. Осы орайда бірнеше ұсынысымды айта кетейін.

Біріншіден, ресурстарды дамытуға арзан несие, субсидия беру.

Екіншіден, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің санын арттыру. Сонда ғана олар өзара бір-бірімен бәсекелесе отырып, сапалы өнім ұсынатын болады.

Үшіншіден, агротуризмді дамыту. Сондай-ақ әр аймақтың ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы, шығыста майлы дақылдарды өсір, оңтүстікте көкөніс, солтүстікте егін ек. Оған қоса көктемде тұқым себу, күзде өнімді жинап, оны сақтау және жеткізу жағы бар. Міне, осының барлығы – кезек күттірмейтін міндет. Біз нарықты өзімізде өндірілген азық-түлікпен толтыруымыз керек.

Шынар Сауытпаева,
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің менеджмент кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде