jasqazaq.kz

Ауыл шаруашылығы өнімдерін үйірлі шегірткелерден қорғау маңызды

23 тамыз 2023, 12:19

Ауыл шаруашылығы өнімін жетілдіруде оны зиянкестерден қорғау маңызды. Шымкент қаласының ауыл шарушылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, қала аумағындағы ауыл шаруашылық жерлерін шегірткелерден қорғау үшін химиялық залалсыздандыру жұмыстары толығымен жүргізілген.

Осы орайда, Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Шымкент қаласы бойынша филиалы қала аумағында саяқ шегірткетектестерге қарсы химиялық залалсыздандыру жұмысына жауапты.

Биыл Шымкент қаласында үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық күрес шаралары 1 810 гектар алқапта жүргізіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық. Химиялық күрес шаралары Абай ауданы бойынша – 680 гектарды, Әл-Фараби ауданы бойынша – 100 гектарды, Еңбекші ауданы бойынша – 400 гектарды, Қаратау ауданы бойынша 630 гектар аумақты құрап отыр. Шаһардағы әр ауданға тиісті өңдеу жұмыстарын мердігер «Аккозов Б.Ж.» ЖК жүргізуде. Зиянкестермен күреске 5,5 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» ММ қалалық филиалы мен қалалық аумақтық инспекциясы өзара бірлесіп, алдын-ала анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Қазіргі таңда қала бойынша 600 гектар алқапқа аспалы және тіркемелі бүріккіштермен химиялық өңдеу жасалды. Оған заманауи техникалар қолданылуда. Ахиллес,к.э 0,1-0,15 л/га улы химикаты қолданылды. 2021 жылы 1255 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп Ахиллес,к.э 0,1-0,2 л/га улы химикаты қолданылды. Карантиндік обьектілерді анықтау мақсатында зиянкестерке 470 га жер және 10 қойманы тексеру жоспарланып нәтижесінде 452 га жер және 10 қоймаға бақылау жұмыстары жүргізіліп 0,03 га жерде шығыстың жеміс жемірі анықталып 5 нұсқама берілді. Өсімдіктер ауруына қарсы 460 га жер жоспарланып нәтижесінде 429,95 га жерге бақылау жұмыстары жүргізілді. Арамшөптерге қарсы 8 330 га жер жоспарланып нәтижесінде 7 441 га жерге бақылау жұмыстары жүргізіліп залалданған 37,89 га алқапқа 15 нұсқама берілді. Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы 26 690 га алқапқа бақылау жұмыстары жүргізіліп 1250 га алқапта саяқ шегірткесімен залалданған алқапқа улы химикат Ахиллес к.э 0,1-0,15 л/га қолданылып жою шаралары жүргізілді.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі