jasqazaq.kz

Ауыл шаруашылығы мен жасанды интеллект: Қазақстан дамуының жаңа бағыты

14 қыркүйек 2025, 14:19

Қазіргі алмағайып кезеңде әлем елдері сын-қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер дәуіріне қадам басып отыр. Осындай тарихи өтпелі шақта Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның даму жолын айқындайтын, терең ойластырылған әрі нәтижеге бағытталған құжат ретінде қабылданды.
Президент ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні дамытуға қатысты айтқан бастамалары елдің стратегиялық болашағын нақтылайтын маңызды бағдарлар болып табылады.
«Ауыл» партиясы үшін ауыл мәселесі – бұл тек экономикалық сала емес, ол – елдің тамыры, ұлттық болмыстың тірегі. Сондықтан Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығына қатысты әрбір бастаманы қолдап, оны дер кезінде әрі тиімді жүзеге асыру аса маңызды. 2026 жылға дейін пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу – экономикалық серпін беретін шешім. Бұл ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ішкі өндірістің артуына және азық-түлік қауіпсіздігінің нығаюына жол ашады. Сонымен бірге субсидиялау мен несиелеу жүйесін реформалау – ауыл шаруашылығы субъектілерінің қолын байлап келген кедергілерді жоюға бағытталған дұрыс қадам. Әсіресе орта және шағын шаруа қожалықтары үшін бұл үлкен мүмкіндік болмақ.
Қазіргі таңда азық-түлік мәселесі әлемдік геосаяси тұрақсыздықтың бір қырын айқын көрсетіп отыр. Қазақстан үшін бұл тек экономикалық емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару үшін логистиканы дамыту, сақтау және өңдеу инфрақұрылымын жетілдіру – ішкі нарықты тұрақтандырумен қатар, сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті де арттырады. Сонымен қатар ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту мен азық-түлік сапасын бақылау жүйелерін жаңғырту – халық денсаулығын қорғаудың әрі халықаралық стандарттарға сай өнім өндірудің кепілі.
Президент атап өткендей, әлем қазір жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Жасанды интеллект тек ІТ саласының құралы ғана емес, экономиканың барлық секторында тиімділікті арттыратын негізгі тетікке айналып келеді. «Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізуді толық қолдайды. Бұл технологиялар егіс алқаптарын тиімді басқаруға, ауа райы мен топырақ жағдайын нақты болжауға, өнімділікті автоматты түрде есептеп, оңтайлы шешім қабылдауға, сондай-ақ мал шаруашылығында ауруларды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Демек, ауыл мен жасанды интеллект бір-біріне қарсы ұғымдар емес, қайта бірін-бірі толықтыратын болашақтың құралдары.
Президент Жолдауы – Қазақстанның жаңа дәуірге сенімді қадам басуына бағытталған маңызды құжат. Онда ауыл шаруашылығы мен жасанды интеллектіні дамытуға қатысты бастамалар – «Ауыл» партиясы үшін ерекше мәнге ие және қолдауға тұрарлық бағдарлар. Біз, партия ретінде, ауыл мен технологияның тоғысында жаңа даму моделін қалыптастыру үшін барлық ресурсты жұмылдыруға дайынбыз. Халық пен мемлекеттің бірлесе әрекет етуі – келешек ұрпақ үшін жарқын болашақтың кепілі.

Ғани Әжединұлы Қарабеков,

«Ауыл» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции