jasqazaq.kz

Ауыл ішіне кірген қасқыр жұртты шошытты (видео)

15 ақпан 2017, 13:02

Талдықорған маңындағы Өтенай ауылында жүрген қасқыр ауыл тұрғындарын шошытты , — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ауылда жалғыз жүрген қасқыр күні бойы тұрғындардың үрейін ұшырып, түнгі уақытта бірақ ұсталған.

Оқиғаның мән-жайын шаруа қожалығының басшысы мен тәжірибесі бар аңшы Алмаз Дүйсенов айтып берді.

«Күндіз маған көршім хабарласып, ауылда бір қасқырдың жүргенін айтты. Мен, әрине, сенбедім. Қасқыр емес, итті көріп қалған шығар деп ойладым. Содан кешке қарай көлікпен өтіп бара жатып, ауыл маңын қарап шықтым. Ештеңе байқамай, үйге қайтып келдім. Бірақ түн ортасында үйімнің маңынан қасқырдың ұлығанын естіп қалдым. Содан қамыс жаққа қарай жүгіріп барсам, қасқыр тұр екен. Ол менен тіпті қорыққан да жоқ. Қолыма қаруды алдым да, атып жібердім», — дейді Алмаз Дүйсенов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Осыған дейін қасқырлар тек ауылдың шет жағында жүрген екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде