jasqazaq.kz

Аурухана есепшісі құмар ойынға 109 миллион теңге салған

20 сәуiр 2023, 13:50

Талдықорған қаласында булмекерлік кеңсеге аурухананың 109 миллион теңгесін ұтқызған есепші сотталды.

Сот анықтағандай, Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі 2021 жылдың 1 наурызында есепші болып жұмысқа орналасқан. Сол уақыттан бастап мемлекеттің бюджет қаражатын өзінің жеке шотына аударып отырған.

«Келтірілген мүліктік залал көлемі 109 миллион теңгеден асады. Прокурор сотталушыны қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына шектеп, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын көңілден өкініп, ұйымға келтірілген залалды өтеуге міндеттеніп, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.

Кінәсін мойындауын және жасаған ісіне өкінуін, сотталушыда кәмелетке толмаған баласының болуын, жастығын, сонымен қатар сотталушының келтірілген залалды ішінара өтегендігін, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот А.-ға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», -деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі. Сотталушы жазаны қылмыстық – атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Талдықорған қалалық сотында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша облыстық «Балалар ауруханасы» МКК-нің есепшісіне қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қаралды.

JQ-Aqparat

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі