jasqazaq.kz

Ауруды құтқарам деп ломбард тонады

20 тамыз 2016, 13:37

Астана қаласында ломбардты тонамақ болған жігіт 2 айға қамауға алынды. Сот оның жасаған қылмысын ескеріп, қоғамға аса қауіпті адам деп таныды, деп хабарлайды Baq.kz.

Дәл қазір жігітке ірі тонау жасап, адамдарды кепілдікке алды деген екі айып тағылып отыр. Екі бап бойынша да ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін. Шамамен 15 жылға. Өткен жексенбіде медициналық маска киіп алған 42 жастағы азамат пневматикалық қарумен ломбардқа шабуыл жасап, екі қызметкерді кепілдікке алған.

Полиция қылыскермен ұзақ уақыт келісім сөз жүргізіп, артынша бір қызметкерді босатып алған. Ал екінші бойжеткенді ішке енген кезде құтқарған. Ешкім жапа шеккен жоқ. Азамат мұндай әрекетке қызын айықпас дерттен құтқарып қалу үшін барғанын айтқан. Десе де, оның бұл сөздері әзірге ресми расталмады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде