jasqazaq.kz

Ауған соғысынаның ардагерлеріне құрмет көрсетілді

16 ақпан 2024, 18:49

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты шара болып өтті. Оған әскери кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы мен осында білім алған жатқан студенттер – болашақ офицерлер қатысты.
Салтанатты шараның шымылдығын ашқан ЕҰУ әскери кафедрасының басшысы, генерал-майор Еділ Оразов үнемі еліміздің өткен тарихынан тағылым алып, аға ұрпақтың ерлік дәстүріне құрметпен қараудың қажет екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады деді.


Жалпы алғанда ауған соғысына Кеңес армиясы қатарында 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер жарақат алды. 22 адам хабар-ошарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақстанда 10000-ға жуық ауған ардагері бар.


ЕҰУ әскери кафедрасында да отты нүктеден өткен тәжірибелі офицерлер жастарға жан-жақты білім беріп жүр. Олар полковниктер – Ербол Смағұлов пен Хайролла Илиясов. Бүгін генерал-майор Еділ Оразов осынау қос ардагерге бағалы сыйлықтарды табыс етіп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген студенттер аға ұрраққа алғыс сезімдерін білдіріп, олардың салған даңқты жауынгерлік дәстүрін алға лайықты жалғастырамыз деп сендірді.

Аяжан Айдынқызы,

ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі