jasqazaq.kz

Әуежайды басына көтерді: Гүлзира Айдарбекова ұшатын рейсінен қалып қоя жаздады

08 қантар 2025, 12:31

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Астана әуежайында ыңғайсыз жағдайға қалғаны туралы жазды.

«Бүкіл әуежайды басына көтеріп, менің аты-жөнімді айтып айқайламасы бар ма, радио рубрикаларымен. Келіңіз деп ұшақ жай қызметкерлері. Тура ұшар алдында. Жүгіріп барсам, тура бір қылмыскерді күтіп тұрғандай бір әуежайдың өкілі тұр. Жүріңіз деп екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп, одан чемодандарды күтіп алатын жерге текпішекпен түстік. Бір үлкен чемоданды көрсетіп, «мынаның үшінде екі үлкен баклажкада не бар» деді. «Құрысын, бұл менікі емес» десем, «сіздің аты-жөніңіз жазылған» деді», — деп жазды продюсер.

Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, қызметкерлер шатастырып алған көрінеді.

«Мені бекерге ұшқалы тұрған ұшағымнан қалдырасыңдар, жүріңдер регистрация жасаған қызға» деп жүгіріп, ала өкпе болып, алып келдім. Аллаға шүкір, екі чемоданым да олардың есінде қалыпты. «Иә, бұл кісінікі емес» деп мойындап, қайта жүгіріп, ең соңы болып, ұшағыма әрең үлгердім. Абайламасаңыз, олар да жаңылыс қағазын іле салады екен», — деп жазды Г. Айдарбекова.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі