jasqazaq.kz

Әуе бағдарын субсидиялауға 6,3 млрд теңге бөлінді

05 сәуiр 2023, 16:51

Қазіргі кезде әуе көлігі саласында 6 қазақстандық тасымалдаушы 56 ішкі бағдар бойынша аптасына 706 рейсті орындап келеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтып берді.

«Ішкі нарық жайында айтатын болсақ, 2012 жылдан бастап барлық шектеулер алынып тасталды. Ішкі тұрақты тасымалдауға рұқсаты бар кез келген отандық әуе компаниясы ішкі бағдарлар бойынша рейстерді қандай да бір шектеусіз орындай алады. Қазіргі кезде 6 қазақстандық тасымалдаушы («Эйр Астана», Fly Arystan, SCAT, Qazaq Air, «Южное небо», «Жетісу») 56 ішкі бағдар бойынша аптасына 706 рейсті орындап келеді», — деді А. Ыдырысов Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.

Вице-министр әуе бағыттарын субсидиялау мәселесіне де тоқталды.

«Биыл орталықтан облыстарға (Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Ұлытау) 21 әуе бағдарын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 6,3 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Рейстерді «SCAT», «Qazaq Air» және «Южное небо» авиакомпаниялары орындайды. Тарифтер 10 000 теңгеден басталып (Жезқазған – Қарағанды), 33 000 теңгеге дейін құрады (Түркістан-Орал)», — деді Алмаз Ыдырысов.
Оның айтуынша, республикалық бюджетті нақтылау нәтижесінде биыл Астана – Жезқазған, Астана – Павлодар, Қарағанды – Жезқазған, Көкшетау – Шымкент және Тараз – Атырау сияқты жаңа бағыттарды ашу жоспарланған.

Наурыз айында республикалық бюджетті нақтылау аясында Астана-Павлодар, Тараз-Атырау, Көкшетау -Шымкент авиамаршруттарын субсидиялау үшін 878 млн теңге сомасында қаражат бөлінген.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде