jasqazaq.kz

Аудандық білім бөлімінің басшысы 543 миллион жымқырды деген күдікке ілінді

18 сәуiр 2023, 10:58

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалетріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы білім беру мекемелерінде жұмыс істемейтін өзге тұлғалардың есеп-шотына еңбекақы есебінде ақша аударған. Осындай жолымен мемлекет қаржысының 543 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілініп, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
«Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі