
Ауғанстанның солтүстік бөлігінде бір тәулікте 14 адам суықта үсіп өлген. Бұл туралы РИА Новости Шинхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Дарзаб қаласының губернаторы Разматуллах Хашардың айтуынша, қалың қар мен суықтан мал баққан бес бақташы қаза тапқан. Сонымен қатар көрші аймақтағы Сары -Пул қаласында 5 адам, ал Бадахшан қаласында төрт адам сары аяздың құрбаны болды. Хабарламада айтылғандай араларында жас балалар да бар екен.