jasqazaq.kz

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді

17 мамыр 2024, 12:06

Атырау қаласындағы мейрамхана иесі белгілі әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді, деп хабарлайды AtyrauPress. Басылым мәліметіне сүйенсек, бірнеше күн бұрын аталған істі Алматы облысының соты онлайн режимде қараған. Әнші жаңа жылдық корпоратив кешінде өнер көрсетуі тиіс болыпты.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, олар әншінің шамамен 15 млн теңге болатын шығынын жаба алмайтындықтан, концертті өткізбейтін болып шешім қабылдап, бұл жөнінде 42 күн бұрын ескерткен. Жәбірленушінің айтуынша, ол әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен ауызша келіскен. Ал 1000 доллар көлеміндегі аванс сомасын Алматыда әншінің өкілдеріне беріпті. «Концерттің өтпейтінін айтқанымда менеджер ақшаның қайтарылмайтынын маған өте дөрекі түрде жеткізді. Кейін аудиожазбаларын өшіріп тастады. Мен әртісті сотқа бердім. Бірінші отырыста жеңіліп қалдық, бірақ мен тағы да шағымдандым. Себебі ақшамды қайтарғым келеді». — дейді кәсіпкер Ольга Хван. Сот жәбірленушінің талабын қанағаттандырмады. Енді ол алты ай ішінде Жоғары сотқа шағымдана алады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі