jasqazaq.kz

Атыраудағы Тасқаланы тұншықтырған карьердің лицензиясы жоқ екен (Видео)

18 сәуiр 2023, 10:28

Атырау іргесіндегі Тасқала тұрғындарын тұншықтырған карьер жабылды. Себебі: жер қойнауын пайдаланып жатқан компанияның лицензиясы жоқ болып шықты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұған дейін әкімдік “кәсіпкердің жұмысы заңды, еш шара қолдана алмаймыз” деген. Алайда тұрғындар наразылығынан кейінгі тексеріс кезінде бірқатар заңсыздық анықталған. Тас-құм өндіруге рұқсат алған лицензиясы бар компания жер қазу жұмысын өзге мердігерге тапсырыпты. Бұл заңсыз деген шенеуніктер карьерді жабуға шешім шығарды. Айта кетейк, өткен аптада Тасқала тұрғындары «күні-түні көк шаң жұтып, зардабын көріп отырмыз» деп ауыл іргесіндегі карьерді жабуды талап еткен. Тіпті наразылыққа шығып шаңдатып жүретін жүк көліктерінің жолын бөгеген еді. Бүгін жергілікті әкімдік карьер жұмысын тоқтаттық деп хабарлады.

Нұрлан Жантоқов, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасының басшысы:

— Алған кәсіпкер басқа кәсіпкерге жалға берген. Сол құжатты біз тексеріп, алған адам бізге барлық құжатын әкеліп тіркелу керек. Ол кісі құжатын берген. Біздің басқарма қайтарып берген. Себебі, жетіспейтін қағаздары болған. Соған қарамастан ол кәсіпкер жұмысты бастап кеткен. Сондықтан біз ол жұмысты тоқтаттық.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура