jasqazaq.kz

Атыраудағы қамыс өрті неден тұтанды?

05 сәуiр 2023, 15:18

Атырау облысындағы қамыс өрті бүгін-ертең толық өшіріледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

«Барлық төтенше жағдайда түптеп келгенде адамдар зардап шегеді. Ал өртке қатысты төтенше жағдай көбіне адами факторға байланысты. Табиғатта да, тұрмыстық жағдайда да өрттің 80 пайыздан астамына адамдар кінәлі», — деді ол.

Министр Атыраудағы қамыс өртіне заңсыз аң және балық аулаушылар кінәлі болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

«Қазіргі уақытта Атырау облысындағы ахуал бақылауда тұр. Дегенмен, адам аяғы немесе техника жетуі қиын жерлер бар. Біз өртті сөндіруге су шашатын құрылғысы бар әуе кемелерін қосымша жұмылдырдық. Меніңше, бүгін және ертең өрт ошағын толықтай өшіреміз», — деді Юрий Ильин.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық