jasqazaq.kz

Атыраудағы жауыннан кейін бірнеше үйді су басты

18 мамыр 2016, 12:44

07f07-clip-74kb

Атырауда бір апта бойы жауған жауыннан тұрғындар баспаналарын бүтіндей алмай әлек. Кешелі-бері толассыз жауған жаңбыр кесірінен бүгін тағы да облыстағы бірнеше үйді су басқан, — деп хабарлайды 31.kz.

Жауыннан жапа шеккендердің тағы бірі — Ақбаевтар отбасы. Төрт бөлмемізге түгелдей су кірді деген Қамия апай балаларымның баратын жері жоқ деп мұңын шақты. Айтуынша былтырғы жағдай тағы да қайталанған.

Қамия апай үйін су басқалы бері барар жерлері болмағандықтан, қуықтай бөлмені пана тұтып отыр. Былтырғы жылы биліктегілер қаржылай көмек көрсеткенімен, биыл қол ұшын созбапты.

ҚАМИЯ ДӘУЛЕТОВА, Қала тұрғыны:
-Төрт күннен бері әкімшілікке барып жүрмін. Бүгін звондап ала алмай отырмын. Түнде ойбай әлгі 112 неге соқпайсыңдар дейді, 112 ге соқсам әкімшіліке соқ дейді. Әкімшілікке соқсам көтермейді. Мен барайын десем жағдайым жоқ. Шырағым өзім аурумын. Бес бала бар осы үйде.

Бес баласына пана тауып бере алмаған ана су сорғызудан шаршаған. Ал, көршілері болса, әкімшіліктен еш қайыр болмайтынын алға тартады.

ХАМИЛА ҚАЛИЕВА, Қала тұрғыны:
-Таңертең барып бастықтарға жолығып едім. Әлі сағат алтыға дейін келген жоқ. Соны күтіп мен сыртта отырмын. Не істейтінімді білмеймін. Қайта-қайта соқсам алмайды. Менен басқа балдарымда соғып жатыр, алмайды.

АМАНТАЙ АЙТБАЕВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:
-Жкхмен бірлесіп жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Арнайы комиссия құрылды. Зардап шеккен үйлердің жағдайын анықтап, сосын әлеуметтік көмек көрсететін боламыз. /аударма/

Ақжағалылардың айтуынша дәл бүгін суға кеткендерден 165 арыз түскен. Ал, жағдайға байланысты 35 техника жұмылдырылыпты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде