jasqazaq.kz

Атырауда шетел азаматын қамауда ұстап, ақша бопсалаған

22 желтоқсан 2023, 18:28

Атырауда полицейлер шетелдікті қамауда ұстап, ақша бопсалағандарды құрықтады.
Polisia.kz. хабарлағандай, 15 желтоқсанда Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратқа сәйкес жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады. Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік азаматты ұрып-соғып, 1 100 000 теңге бопсалап, банк есепшоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Күдіктілер 36 және 32 жастағы Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде