jasqazaq.kz

Атырауда мектеп директоры қызмет орнын май-шелпекке айналдырған (Видео)

27 маусым 2023, 11:03

Атырауда мектеп директоры қызмет орнын май-шелпекке айналдырған. Ол орынбасарымен қосылып, туыстарын қағаз жүзінде жұмысқа алып, ай сайын жалақы аударып отырған. Осылайша басшылардың бар әулеті үйде жатып-ақ табыс тауыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұны антикор кезекті талдау жұмысы барысында анықтады. Екі басшы он туысына еңбекақы аударып қана қоймай, жалған жүктемелер жасап, оған берілетін қосымша ақыны да алып отырған. Тергеуде осы қитұрқылық арқылы мемлекетке 23 миллион теңге шығын келтірігені анықталды. Алайда тергеу толық аяқталмай жатып, нақты қай мектептің май-шелпекке айналғанын айта алмаймыз дейді құзырлы орган өкілдері. Бюджет қаржысын осындай жолмен жымқыру дерегі өзге де білім ордаларынан анықталған.

Жәнібек Қаражанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы департаментінің превенция бастығы:

— Еңбекақы бойынша талдау жүргізілді. Талдауда көптеген кемшілік анықталды. Атырау қаласындағы бір мектепте мектеп директоры мен оның орынбасары өзінің ағайындарын, оның ішінде ұлын, екі қызын, келіндерін, сондай-ақ күйеу баласын жұмысқа орналастырып, іс жүзінде орналаспаса да, штатқа тіркеп, олардың жалақысын өздері пайдаланған.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі