jasqazaq.kz

Атырауда есірткі өткізбек болған күдіктілер ұсталды (Видео)

08 тамыз 2024, 15:35

Есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы өткізбек болған күдіктілердің бірі – 19 жаста, екіншісі – 39 жаста. Олардан 350 бума есірткі тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы есірткі заттарын таратумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктінің жалға алынған пәтерін тінту барысында 181 дана пакетке оралған ерекше иісі бар қара қоңыр түстес есірткі тәркіленді.
Сондай-ақ Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адамды ұстады.

Тексеру кезінде одан 25 бумаға оралған есірткі тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің қала аумағында жасырған 6 бума есірткісі тәркіленді. Күдіктінің жеке пәтерін тінту барысында 96 бума синтетикалық есірткі және ерекше иісі бар жасыл түстес өсімдік салынған 31 бума тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдікті де қамауға алынып, оларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі