jasqazaq.kz

Атырауда 3 адамды атып өлтірген 30 жастағы азамат сотталды (Видео)

10 мамыр 2023, 21:10

Қанды қылмыс былтыр наурыз айында болған. Атырауға келген маңғыстаулық азамат көшеде тапаншадан оқ жаудырып, үш адамды атып өлтірген. Тағы бір жәбірленуші мүгедек болып қалды. Қылмыскердің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал түрткі болыпты. Яғни, сотталушы үш баласы бар келіншекпен көңіл қосып, бірге тұрған. Ал балалар өгей әкенің өздеріне қол көтеретінін өз әкесіне айтып барған. Осыдан кейін екі тарап қаладағы «Авангард» ықшамауданда жолығып, сөйлеспекші болған. Бірақ арты атысқа ұласып, қайғылы аяқталды. Сотта айыпталушының қылмысқа саналы түрде барғаны дәлелденіпті. Сондықтан ол өмір бойына бас бостандығынан айырылып отыр. Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушілердің әрқайсысына екі ай ішінде 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Ал жазасын ерекше тәртіптегі түрмеде өтейді.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі