jasqazaq.kz

Атырау тұрғындары енді көк түтінге тұншығып отыр (Видео)

03 сәуiр 2023, 23:27

Атырау тұрғындары көк түтінге тұншығып отыр. Шаһарды қарыс қадам көрінбейтін қалың тұман басқан. Себебі: қала сыртында қамыс өртеніп жатыр. Көк түтіннен оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқуға жіберілді. Ал тұрғындар есік-терезені тұмшалап, төрт қабырғаға қамалып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Балаларымызды ойнатуға далаға шығара алмаймыз. Өзіміз шыға алмаймыз. Масқара ғой мынау! Үн-түн демей, Үкімет бізді өлтіріп жатыр.

Ауа дейтін күй жоқ. Кеше де, бүгін де көк түтін. Қиын болды. Қою түтіннен қала ішінде көлік қозғалысы қиындаған. Тынысы тарылған тұрғындар үрейленіп отыр. Соған қарамастан санитарлық дәрігерлер де, экологтар да төтенше жағдай жариялауға себеп жоқ дейді. Ал төтенше жағдайлар департаменті қызыл жалын шарпыған қамысты алқапты сөндіруге күшін салып жатыр. Өрт 89 гектар аумақты шарпыған. Жеті гектары әлі жанып жатыр.

Жасұлан Ақтаев, Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары:

— Көрсеткіші қалыпты болып тұрғаннан кейін төтенше жағдай жариялайтын себеп жоқ. Егер көрсеткіші көбейсе, тек сол кезде төтенше жағдай жариялауға болады.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта