jasqazaq.kz

Атырау облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

04 сәуiр 2024, 10:22


Су тасқынына байланысты Атырау облысының Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың мәлім етуінше, қазір су тасқыны қиындық туғызып отыр.

«Жылыой ауданында бүгін, 4 сәуірден жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елді мекеніне су кірді. Сол себептен, жедел штаб Қарағай елдімекенінің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III-топтағы мүгедектер көшіріледі», -деп хабарлады Гүлнафис Айшуақова.
Осыған байланысты аудан орталығы – Құлсары қаласында үш қабылдау пункті ашылды. Бұл – №1, 8 және 18-орта мектеп ғимараттары.
«Қарағай елді мекенінен қабылдау пункттеріне жеткізетін автобустар жүреді. Тұрғындардан өздерімен бірге жеке бас құжатын, қажетті заттарыңызды (шағын төсек орын т.б.) алу сұралады», — деп мәлім етті Гүлнафис Айшуақова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі