jasqazaq.kz

Атырау облысында тұмаудан 2 жүкті әйел көз жұмды

10 қараша 2016, 6:33

snimok

Мұнайлы өңірде тұмау өршіп тұр. Атырау облысында қазан айынан бері, яғни эпидемиологиялық кезең басталғалы облыста 200 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Олардың басым бөлігі – жүкті әйелдер. Қазір мұнайлы өңірде жіті респираторлы вирус пен тұмауға қарсы жаппай егу жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан күні бүгін 2 адам қаза тапқан.

Хабар телеарнасының хабарлауынша жұқпалы дерт әсіресе жүкті әйелдер арасында өршіп тұр екен. Қазан айынан бері қарай облыста 117 ана ауырып, 13-і жан сақтау бөлімдерінде жатыр. Өкінішке орай 2 жүкті ананы құтқару мүмкін болмаған. Бірақ мамандар ол науқастар тұмаудан емес өкпесіне салқын тигендіктен қаза қайтыс болғанын айтады. Ал Қалған науқастар еліміздегі орталық ауруханаларда ем қабылдап жатыр екен.

Дина Хамелова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
-Астана қаласына 3 әйелді санавиациямен жібердік. Олар жаман емес 1 әйел баласымен шығып келді. Алматыда 2 әйелдің бірінің жағдайы жақсы, біреуі әлі сол қалыпты. Ал облыс бойынша 3 әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Ауырып ем іздегеннен, ауырмайтын жол іздеушілер үшін бүгін Атырау облысында тұмауға қарсы жаппай екпе жұмыстары басталды. Қазір 30 мыңнан астам адамға доза тегін егілген. «Алайда аурудың асқынар шағы алда», – дейді дәрігерлер.

Ерболат Уәйісов, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары
-Осы қазан айының соңғы аптасында аурудың өсуі байқалып отыр. Және алдағы уақытта өседі. Өйткені жіті респираторлы вирус ауруының ең көп тіркелетін кезеңі қаңтар-ақпан айлары. Сондықтан ауру әлі де көбейеді деп күтілуде.

Мұнан өзге жұқпалы дерттің таралмауы үшін барлық емдеу орындарында ақылы екпе жүргізу қолға алынуда. Әсіресе мыңдаған адам еңбек ететін ірі компанияларда, жоғары оқу орындарында тұмауға қарсы күресті күшейту жолға қойылған. Алыс аудандармен байланыс күшейтіліп, жүкті аналардың ағзасында қандай да бір өзгеріс байқалса, дереу ауруханаларға жеткізу міндеттеліп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде