jasqazaq.kz

Атырау облысында Ноғайты өзенінің арнасы көтерілді (Видео)

09 ақпан 2024, 15:41

Атырау облысындағы Сағыз ауылы арқылы өтетін Ноғайты өзенінің арнасы көтерілді. Ал, Мұқыр ауылындағы сай тасып жатыр. Екі ауыл да Қызылқоға ауданында орналасқан.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, бұған кеше, 8 ақпандағы жауын-шашын себеп болған.

«Кеше, 8 ақпанда Қызылқоға ауданындағы Миялы, Сағыз ауылдарына су басу қаупі төнетіні анықталды. Миялы ауылындағы көшелердің су басуы мүмкін тұсынан қар шығарылды. Ал, Ақтөбе облысында қар мөлшерінің көптігінен Ноғайты өзені арнасының тасу қаупі төнген болатын. Осыған байланысты Сағыз ауылындағы өзен жағасы бекітіліп, Н.Абдуллин көшесі бойында орналасқан тұрғын үй тұсына қосымша топырақ төселді. Өзен жағалауы бекітілді», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

 

Бүгін 9 ақпанға қараған түнде қар жауып, жауын-шашын болған. Соның салдарынан Ноғайты өзенінің арнасы көтеріліп жатыр.

«Қазір Сағыз ауылдық округінде су қаупінен қорғау жұмысы қолға алынды. Оған №12 өрт сөндіру бөлімінен 7 адам, 1 мотопомпа, жергілікті атқарушы органнан 8 адам, 1 вакуум, 1 мотопомпа, 1 жүк тиегіш техника тартылды», — деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс бөлімінен.

Ал, Мұқыр ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсиевтің айтуынша, бүгін, 9 ақпанда сайға еріген қар суы құйылған.

«Мұқыр ауылындағы бұл сай жыл сайын қар еріген кезде тасиды. Сайға жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұсына топырақ төгуге ауылдың 15 адам, 2 жүк көтергіш, 1 Гидромек тракторы, 1 КамАЗ көгілігі тартылды», — деп хабарлады Азамат Жақсиев.

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства